Мұхамади Құралай Төлегенқызы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор м.а., филология ғылымдарының кандидаты. Мұхамади Қ.Т. 1972 жылы 15 қыркүйекте туған. Орта мектепті 1989 жылы бітірген соң, бұрынғы Абай атындағы педагогикалық институтына (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) оқуға түсіп, 1989-1994 жылдары ҚазҰПУ-дің филология факультетін, 1994-1997 жылдары осы университеттің аспирантурасын,2006- 2009 жылдары докторантурасын бітірген. 1997 жылы “Қазіргі қазақ тіліндегі қимылдың тездік тәсілінің мағыналық құрамы мен берілу жолдары” тақырыбында профессор Н.Оралбайдың ғылыми жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2004 жылы доцент атағын алды. 1998 жылдан ҚазҰПУ да оқытушы, аға оқытушы, доцент, 2009 жылдан Сулейман Демирель атындағы университетте доцент, профессор, 2019 жылдан ҚазҰУ-де профессор м.а. Ғалымның негізгі зерттеулері қазақ тілінің грамматикасына, сөзжасам жүйесіне, қазақ тілінің тарихи дамуы мен онтологиясын зерделеуге; тілді оқыту әдістемесін, терминология, сөз мәдениеті мәселелерін зерттеуге арналады. Осы бағытта жазылған “Қазіргі қазақ тілі”, “Мемлекеттік тілдегі іс қағаздар”, “Қазақ тілінің сөзжасамы”, “Нормативті қазақ тілі”, “Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің тездік тәсілі, «Практикант күнделігі», "Қазіргі қазақ тілі морфологиясы", "Қазақ тіліндегі етістіктің тездік тәсілінің мағынасы" монографиялары мен оқу құралдарының қазақ тіл білімінің ғылыми¬- теориялық дамуына қосар үлесі зор. Ғалым Ұлыбританияда, Германияда, Болгарияда, Албанияда, Ресейде, Түркияда, Украинада, Татарстанда т.б. елдерде өткен халықаралық ғылыми¬ конференцияларға қатысты, баяндамалары ғылыми-теориялық деңгейінің жоғарылығымен, ғылыми жаңалығымен, өзекті тақырыптарға арналғанымен ерекшеленді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Абай ат.АлМУ
Жоғары
1994

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
01.09.2019

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
01.01.2001
Қызығушылығы
Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0